РФ СІМ Алматыда ресейлік консулдықтың есеп-шотының тоқтатылуы заңсыз деп санайды

Мәскеудегілер Алматы банктерінің бірінде ресейлік консулдықтың есеп-шотының тоқтатылуын заңсыз деп санайды, деп мәлімдеді РФ СІМ.


           "Жергілікті соттың шешімін орындау жөніндегі бұл іс-қимылдарды заңсыз деп санаймыз, өйткені ол іс-қимылдар негіз бар ма, жоқ па, оған қатыссыз дипломатиялық өкілдіктің мүлігіне қол сұқпаушылық туралы халықаралық-құқықтық қағидаларға қайшы", делінген сәрсенбіде РФ СІМ ақпарат және баспасөз департаментінің сайтында жария етілген түсінктемеде.