РФ СІМ Экваториялық Гвинеяда қазақстандық пилоттардың қаза тапқаны туралы деректі растады

Оның айтуынша, ұшақ апатынан Қазақстанның үш азаматы, атап айтсақ, ұшақ командирі Вильгельм Кук, бортмеханик Николай Хорев пен екінші пилот Валерий Довгаль қаза тапты. Олардың үшеуі де Қостанай тұрғындары.

Ұшақ апаты Экваториялық Гвинея астанасынан 35 шақырым жерде болған. Ұшақ құлаған жер адам аяғы жетуі қиын жер көрінеді. Қазір оқиға орнында іздестіру шаралары жүргізілуде. Әзірге Экваториялық Гвинея елінің екі азаматының мүрдесі табылған.
Алдын-ала болжам бойынша, апаттың шығуына күн райы әсер еткенге ұқсайды.