РФ Үкіметі «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жолының ресейлік бөлігін дайындау жөніндегі жұмыстарды белсенді жүргізбек

Бұл туралы РФ Үкіметінің төрағасы Владимир Путин бүгін Мәскеуде Бірыңғай экономикалық кеңістікті дамыту мәселелеріне арналған конференцияда мәлім етті.

«Бұл біздің үлкен бірлескен жобамыз: Қазақстан және Ресей арқылы Қытайға жол салу жобасы. Үкіметтегі, көлік және қаржы министрліктеріндегі әріптестерімнің назарын мына жайтқа аудара кетпекпін - бұл бірлескен жұмысты әрі қарай қалай жалғастыратыннымыз жайлы қазірден ойлануымыз керек. Біз жолдың біздің шекарамызға дейін тартылып, әрі қарай тоқтап қалуына жол бере алмаймыз. Біз іс-қимылдарымызды, оның ішінде бюджет саласындағы іс-қимылдарымызды үйлестіруіміз керек»,- деді ол.