РФ үкіметі Орал мектептеріне 106 мың оқу құралын сыйға тартты

РФ-ның Оралдағы консулы Дмитрий Романовтың айтуынша, осынау қайырымдылық мақсаттағы шараның нәтижесінде Оралдағы 35 мектепке оқу құралдары, көркем әдебиет пен түрлі пәндер бойынша дидактикалық материалдар берілді.

Консулды қызметкерлерінің айтуынша, бұл жұмыс биылғы жыл бойы жалғасып, балаларға арналған кітаптардың тағы бір топтамасы жеткізілуі тиіс.