Бұл туралы Ресей Журналистер одағының хатшысы Юрий Батурин «СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» атты жаңа кітаптың тұсаукесері барысында хабарлады.
«СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» кітабы үш бөлімнен тұрады. Оның алғашқысына көрнекті ресейлік публицистердің, шолушылардың, халықаралық журналистердің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы очерктері енген.
Жинаққа қатысқан публицистердің ішінде шығармашылық одақ, ірі басылым жетекшілері, жоғары награда кавалерлері мен мәртебелі сыйлықтардың лауреаттары: Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополовты айтуға болады.
Н.Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған құттықтаулар және Елбасының өзіне тікелей айтылған арнаулар кітапта жеке бөлім болып басылған. Авторлар арасында Ресей парламентінің спикері Валентина Матвиенко және Сергей Нарышкин, РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, ЕАЭК алқа төрағасы Виктор Христенко, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Башқұртстан басшысы Рустэм Хамитов, Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатипов бар.
Сондай-ақ мерейтойға байланысты өз құттықтауын: ғарышкер-ұшқыш Алексей Леонов, суретші Зураб Церетели, «ЛУКОЙЛ» президенті Вагит Алекперов, «Аргументы и Факты» газетінің бас редакторы Николай Зятьков, РФ СІМ Дипломатиялық Академиясының ректоры Евгений Бажанов, «РОСНАНО» компаниясының басшысы Анатолий Чубайс, Ресей Муфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Ресейдің танымал әртістері: Юрий Григорович, Александр Калягин, Валерий Гергиев, Юрий Башмет, Владимир Спиваков, Сергей Шакуров, композитор Игорь Крутой, спортшы Елена Исинбаева және Ринат Дасаев сынды тұлғалар да жолдаған.
Сонымен қатар кітаптың тұсаукесерінде Қазақстан Президентінің өзін мойындатқан әлемдегі көшбасшылардың бірі болуына ықпал еткен оның жан-жақты қайраткерлігі мен жеке тұлғасының ауқымдылығы айтылды.