"Риддер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қосылды. Қалада 20 жылдан бері көп қабатты тұрғын үйлер салынбаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Бірінші нысан қаланың 4-ші ықшамауданындағы 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй болып табылмақ. Үйдің құрылыс алаңын ресми ашу салтанатты түрде өтті. "Осы тұрғын үйді салу тұрғын үйдің жетіспеушілігіне қатысты өзекті проблеманы жартылай болса да шешуге көмектеседі, пәтерлер үшін 303 адам кезекте тұр. Пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік қорғау санатындағы азаматтарға берілетін болады",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ осы жылы Риддерде бұрынғы № 7 жатахананы жаңалау жоспарлануда, онда 70-тен астам пәтер болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті