Риддерде көп қабатты үй тұрғындары құбырдағы апат салдарынан сусыз қалды

Дүйсенбі күні құбыр жарылу салдарынан 300 абонент сусыз қалған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.


Көп қабатты үй тұрғындарына су таситын көлікпен су жеткізілуде.