Облыстық ақпарат орталығының хабарлауынша, шұңқыр арнайы сұйықтықпен толтырылып, бетіне құнарлы топырақ төгілген.
«ТЖ алдын-алу және салдарын жою жөніндегі қалалық комиссия тексере келе, бітелген шұңқыр адам өміріне қауіп төндірмейді деген қорытынды шығарды. Бұл жерге әлеуметтік нысан салынады. Оның қандай нысан болатыны жуық арада анықталуы тиіс», - делінген хабарламада.
Хабарламаға сүйенсек, шұңырға құлаған үйдің иесіне 2 бөлмелі, оның өгей әкесіне 1 бөлмелі пәтер берілді.
«ТЖ салдарын жою жұмыстарына байланысты баспанасын уақытша тастап кетуге мәжбүр болған тұрғындарға 6 млн 900 мың теңге көлемінде өтемақы төленді», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қазцинк» компаниясы көшені жөндеп, жарықтандыруды да өз мойнына алып отыр.