Риддерде тағы бірнеше үй жер астына кетуі мүмкін


Қазір арнайы құрылған комиссия осы үйлердің асты өндіріс кезінде қаншалықты қазылғанын анықтауда. Тауда жұмыс жүргізгенде біраз өрескел қателіктер жіберген кәсіпорын комиссия тарапынан қатаң сынға ұшыраған. Сондай-ақ, мамандар Риддер-Сокольный кенішінің техникалық құжаттарын да тексеріп жатыр. Ал санаулы секундта баспанасы жер астына кеткен Анастасия Татарниковаға мекеме 2 бірдей пәтер беретін болды.