Рим папасы Далай-ламамен кездесуден бас тартты

Осыған дейін Римде жұмыс сапарымен жүрген Далай-лама понтификпен кездесуді сұраған.

Ватикан өкілінің сөзіне қарағанда, папаның тибеттік буддистерге  қарым-қатынасы жақсы болғанымен, белгілі себептерге байланысты бұл өтініш орындалмады. 

Сараптамашылар атап өткендей,  Ватикан ҚХР-мен арадағы қарым-қатынасты нығайту шараларына кедергі келтіргісі келмейді.


Қытай билігі Далай-ламаны сепаратист деп айыптап, оның саяси лидерлермен кездесуін құптамайды.