Рим Папасы Польшаға сапары кезінде есінен танып қалды (видео)

Қасиетті Престолдың жоғарғы басшысының орнынан тұруына сол сәтте қасында болған өзге дінбасылары көмектесті. Артынша Рим Папасы ештеңе болмағандай, жиналған халықтың алдында сөз сөйледі.

Айта кету керек, Рим Папасы 26-31 шілде аралығында Краковта өтіп жатқан Жастардың дүниежүзілік ойындары аясында Польшаға келді. Ал Ченстохова қаласы Польшаның рухани астанасы саналады. Мұнда Құдай Ананың Ченстохов иконасы бар.