Римде Халықаралық волейбол федерациясының конгресі өтеді


Халықаралық волейбол федерациясы 200-ден астам елдің ұлттық федерацияларының басын қосатын іргелі үлкен ұйым. Оның ең жоғарғы басқарушы орган саналатын Әлемдік конгресс екі жылда бір рет өтеді. Онда биыл Қазақстан тарапынан ұлттық волейбол федерациясынан Бас хатшы Ермек Сырлыбаев пен Халықаралық бөлімнің меңгерушісі Ольга Романова өкілдік еткелі отыр. Конгрестің күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелер мынау: бірінші жаңа FIVB Даму қорына жауапты Дайындық комитетін ұсыну. Оған федерациялар қор қарап, қаржыландыратын өз жобаларын ұсына алады. Екінші - 2012 жылғы келесі конгреске FIVB Президентін сайлау процедураларын ратификациялау. Үшінші - 2010 жылғы ерлер және әйелдер командалары арасындағы Әлем чемпионаты, 2010 жылғы клубтық командалар арасындағы Әлем чемпионаты, 2011 жылғы Әлем Кубогы, 2011 жылғы жасөспірімлдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионаттары, 2011 жылғы жағажай волейболынан SWATCH FIVB Әлем чемпионаты мен 2012 жылғы Олимпиада ойындары шараларын ұйымдастыру комитеттерінің таныстырылымдары.