Айтыскер ақынның айтуынша, бұған саяси біліктілігі жетпейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qajet бағдарламасына сілтеме жасап.
«Егер тез істеу керек болса, онда сол жерде дайын, тәжірибиесі бар бір адамның қасына бару керек. Мені Зеленскиймен салыстырғанды жек көремін. Зеленский – арнайы президентікке ұмтылған адам. Жігіттер мен сендерге айтайын қазір президент бол десе де, болмаймын. Мен президент болып кетсем, Назарбаевпен жылап көрісесіңдер. Өйткені мен не істеу керегін, қалай істеу керегін білмеймін», - деді айтыс ақын.
Әрі қарай Ринат Зайытов халықтың өзіне ренжитін жөні бар екенін жасырмады. Сондай-ақ, өзінің еш уақытта көш бастаймын деп ұмтылмағанын жеткізді. Өйткені өзіне көшеде жаяу, тыныш жүрген ұнайды.
«Өзіме осы ыңғайлы, еркіндікті жақсы көремін. Менікі – жеткізу. (...) Көп нәрсе айтқым келеді. Бірақ сол айтатын жерге жете алмаймын. Ең қиыны – сол», - деді ол.
Бұдан өзге Әміржан Қосановқа сөзсіз сенудің орнына, қырағылық танытуы керек екенін айтты.