Аталмыш құрамадағы спортшылар мен олардың дайындығы жайында «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша федерацияның президенті Денис Жәрменов айтып берді.
Бір апта бұрын ҚР құрамасының құрамы бекітілген. Қорытынды тізімде тек бір ғана өзгеріс орын алды - Азия ойындарында алтын жүлде алған және студенттер арасында Әлем чемпионатының жеңімпазы 21 жастағы Дәулет Сұлтанбековтің есімі жоқ.
Бас бапкер Андрей Шантаровичтің сөзі бойынша, Дәулет көктемде Қазақстан чемпионатына келмеген. Сол себепті оның жолдамасы басқа спортшыға бұйырды. Өз кезегінде спортшының айтуынша, баспаны (ангина) емдеу және толық қалыпқа келу үшін ел біріншілігіне қатыспауға бапкердің өзі рұқсат берген.
«Ол тіпті анықтама да көрсетті. Спортшы былай десе, бас бапкер осылай дейді, дегенмен соңғы сөз бапкердің еншісінде болатыны анық қой», - дейді Денис Жарменов. - Менің жеке пікірім: Дәулеттің командада болмауы, Қазақстанға кері әсерін тигізеді. Әрине, бас бапкер өзі біледі ғой, команда соның қолының астында. Олимпиада ойындары барлығын көрсетеді, бірақ командалық қайық, онда бастысы - жұмыстың біркелкі орындалуы. Бұл бірін-бірі таныған, Азия ойындарында жүлде алған, бірге дайындалды, бірге қатысқан мықты экипаж еді».
Осылайша, Қазақстан Байрағын Илья Голендов, Андрей Ергучев, Александр Емельянов пен Сергей Токарницкий желбіретпек.
Д.Жәрменовтің сөзіне қарағанда, барлық спортшылар өз бабында.
«Құрама еншісінде барлық жарыстардан: Азия ойындарынан, Әлем кубогінен, Әлем чемпионатынан жүлделер бар. Олимпиада ойындарының медальдары ғана жетіспейді. Біз жоспарлы түрде қадам басып келеміз, біздің спорт қарқын ала бастады», - дейді ол. - Команданың ішінде, менің ойымша, каноэде ескек есуден 200 метрлік спринтерлік қашықтықта ел намысын қорғайтын Тимур Хайдаров ерекшеленеді. Алдынғы Әлем кубогінде ол олимпиада чемпионын басып озып, алтын медаль еншіліген. Сондықтан оған үлкен үміт артылуда, медаль туралы айтпай-ақ қояйын, дегенмен мені нағыз намысшыл жігіт деп білемін».
Айта кету керек, ОҚО елімізде ескек есу спортын дамытуда көшбасшысы облыс саналады. Былтыр мұнда спорт базасы ашылды. Онда қазақстандықтар жыл бойы жаттығу жасай алады.
Ескекшілер Олимпиада ойындарында 15 тамыздан бастап өнер көрсетеді.