Рио-2016 Жазғы Олимпиада ойындарына билет сатылымы басталды

Рио-де-Жанейрода Жазғы Олимпиада ойындарының билетін сату басталды. Әзірге тек екі касса жұмысқа кіріскен. Олар шаһардағы сауда үйлерінде ашылды. Көп ұзамай-ақ Рио мен өзге де ірі қалаларда сатылым орындары ашылады деп күтілуде. Бұған дейін билеттер интернет арқылы ғана саудаланған. Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейродағы Жазғы Олимпиада 5-21 тамыз аралығында өтеді.