«Құрамаға 5-10 спортшы кіреді деп ойлаймын. Бұл команданы құрып, біз бүкіл әлемдегі босқындарға үміт сыйлағымыз келеді», - дейді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетер жайт, ХОК команданы арнайы жабдықтармен қамтамасыз етеді. Ал спортшылардың ойындарға қатысуының барлық шығындарын ХОК қадағалауындағы «Олимпиадалық ынтымақтастық» ұйымы өз мойнына алып отыр.