"26 ақпанда Сеулде мемлекет басшысының арнайы өкілі, Қазақстан үкіметінің вице-премьері Өмірзақ Шүкеев бір күн бұрын Корея Республикасының президенті қызметін атқара бастаған Ли Мен Бакпен кездесті ", - деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Ли Мен Бак екі елдің достастық қатынастарына жоғары баға берді. Оның пікірі бойынша, "Қазақстан бүгінгі күнде әлемде қарқынды дамып жатқан мемлекеттердің бірі". "Корея мемлекеті тиімді ынтымақтастық жасауға, соның ішінде сауда және инвестиция саласында қарым- қатынастарын нығайтуға дайын екендігін білдірді ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ө. Шүкеев, Оңтүстік Корея басшысына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жылы ілтипатын жеткізіп, ел басшысының жуырда " Қазақстан халқының әл ауқатын көтеру -мемлекет саясатындағы басты мақсаты " атты халыққа жолдауының мазмұнымен таныстырды. Кездесу кезінде екі жақты қарым қатынастардың бүгінгі жағдайы мен тиімді бағыт-бағдары талқыланды.
Оңтүстік Корея астанасына сапары аясында ҚР премьер-министрінің орынбасары құрылыс, энергетикалық компанияларының өкілдерімен және қаржы мекемелерінде келіссөздер жүргізіп қайтты.