28 жастағы голландиялық спортшы 35 ойында 27 гол соққан екен.
The Guardian басылымының жазуынша, ван Перси бұл жетістікке командадағы әріптестерінің арқасында қол жеткізгенін мәлімдеген. Солардың ішінде футболшы нәтижесі 12 гол соғуға әкелген жартылай қорғаушы Тео Уолкоттың ойын өрнегін ерекше атап өтіпті.
Осылайша, Англияның 2011-2012 жылғы маусымдық чемпионатында голландиялық футболшы үздік шабуылшы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, PFA нұсқасы бойынша «Жылдың үздік ойыншысы» жүлдесі 1973 жылдан бастап жыл сайын беріледі. Марапат иегері футболшылардың дауыс беруі арқылы анықталады. Ван Перси бұл сыйлыққа алғаш рет қол жеткізіп отыр. Аталмыш сыйлықтың соңғы иегері лондондық «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Гарет Бейл болған еді.