Робот алғаш рет өт қабына ота жасады


Роботтың 3D-шолумен және басқару панелімен жарақтандырылған, сондай-ақ  «қолдары» икемді. Егер ота дұрыс жасалмай жатса, онда дәрігер басқару панелінің көмегімен басқаруды өз қолына ала алады.
Өт қабы алынған емделушінің аты-жөні белгісіз.  Дәрігерлер науқасқа хирургиялық операцияның қалай жасалатынын түсіндіргеннен кейін ғана, ол келісімін берген. Ота кезінде ойламаған жағдай болып қалса, жұмысты жалғастыру үшін робот дәрігер-хирургтың тікелей бақылауында болды. Алайда операция кезінде оның көмегі қажет болмады. Бұндай роботтың құны 4,9 млн долларды құрап отыр.