Рөлге арақ ішіп отырған шенеунік полицейді басып өлтіре жаздады


Сол күні 29 жастағы шенеунік мына күміс түсті «Мерседес» көлігімен жүріпті. Көзіне іліккенді жайпап өтуге шақ қалған ол жол сақшыларының дабылын мүлде елемеген. Кісі қағып тынған мемлекеттік қызметкер тек сот санкциясынан кейін қамауға алынып отыр. Абырой болғанда, мастың жолын бөгеймін деп мерт бола жаздаған 23 жастағы лейтенант аман қалыпты. Жеңіл жарақат алған ол ауруханаға жатудан бас тартқан.