Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Түркістан облыстарында ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі сақталуда. Бұл өңірлерде жол апатынан болған өлім-жітім 56%-ды құрайды.
Статистика көрсеткендей, өлім-жітімнің ең көп саны халықаралық және республикалық жолдарда тіркеледі.
Жол қозғалысын қадағалау мақсатында ІІМ бөлімшелері автоматты камералар, жылжымалы кешендер мен дрондар сияқты цифрлық шешімдер қолдануда.
Трассаларда орташа жылдамдықты бақылау 2 мың шақырым жолды қамтиды. Бұл тәжірибе ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын 10 жолда кеңейтіліп жатыр (Көкшетау – Петропавл; Қызылорда – Арал; Қостанай – Троицк; Ақтөбе – Орынбор).
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, жылдамдық режимін сақтау үшін ақылы учаскелерде орташа жылдамдық бақылау жүзеге асырылатынын баяндады. Онда 170 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Орташа жылдамдықты бақылауды енгізу жол-көлік оқиғаларының санын 8%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
Ауа-райының қолайсыздығы кезінде жылдамдық режимін реттеу мақсатында 2025 жылы Астана – Щучинск және Астана – Теміртау учаскелерінде көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеуге арналған 72 ауыспалы ақпарат белгісі орнатылды.
Жиын қорытындысы бойынша Роман Скляр жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.