Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Облыс басшылығы автожол құрылысы бойынша шаралар және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

Ағымдағы жылы қабылданған шаралар аясында өңірде 800 км жол салу және жөндеу жоспарланған.

Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 302 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа 46 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. 12 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Үкімет делегациясы 110 пәтерлі «Батыс-2» ш.а.-дағы тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен танысты. ТК-де мектепке дейінгі мекемелер, сауда нүктелері, балалар шығармашылығын дамыту орталығының құрылысын салу қарастырылған.

Роман Скляр сондай-ақ ұзындығы 696 метр болатын Сельмаш ауданындағы көпірді аралап көрді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылы басталған, 2020 жылдың соңында аяқталатын болады.

Бұдан басқа, сапар барысында «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астраханьға)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 100-160 км, 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км құрылыс барысы тексерілді. Кеңес барысында «Todini Costruzioni Generali S.p.A» және «Uniserv» ЖҰС, «СПИК Аккорд» ААҚ мердігерлік ұйымдарының және инженерлік қызметтердің басшылары жол жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді.


Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Роман Скляр қойылған міндеттерді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті және белгіленген жоспарларды орындау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.