Романс орындаушылардың халықаралық байқауы Шымкентте өтеді

Оның салтанатты ашылуына Мәскеу халықаралық байқауының лауреаттары қатысады. Шара облыстық опера және балет театрында өтеді.

Байқаудың екінші күні танымал романс орындаушылардың қатысуымен музыканттарға арнап шеберлік сыныбы ұйымдастырылады. Ал актерлерге арналған шеберлік сыныбын Аристарх Ливанов жүргізеді. Дәл осы күні гала-концерт болады.

Оңтүстік Қазақстанда бірінші романсиада 16 жыл бұрын өткізілген. Онда оны «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті ұйымдастырған болатын. Содан бері бұл байқау кеңінен танылып, халықаралық мәртебеге ие болды.