Роналдиньоның «егiзi» Мессидi алдап соқты

Лионель Месси құрама сапында жаттығып жатқан кезде топ жанкүйер күзеттен сытылып өтiп футбол жұлдызына қарай жүгiре жөнелген. Күзеттiң қарсылығына қарамастан, жанкүйерлердің ең табандылары Мессиге жетті. Солардың арасынан Роналдиньоны көргенде аргентиналық шабуылшы абдырап тұрып қалды. 

"Сен неге бiздiң жаттығуға келдiң? Менi көру үшiн бе?", - дедi Месси таңқалып. Бразилиялық әріптесі оған қол созғанда ол таңданысын жасыра алмай онымен қол алысып та үлгерген.

Шын мәнiнде ол Роналдиньо емес, жай ғана оған ұқсайтын қарапайым бразилиялық азамат болып шықты. Робинсон Оливейра - атақты футболшы Роналдиньоны жарнамаларда, фильмдерде сомдап жүрген актер.

"Ол маған қол созғанда, мен тiзерлеп отырып қалыппын. Бұл сондай керемет сәт", - дейдi Оливейра.

Қылжақбас қақпадан секiремiн деп қолын жаралап алыпты, бiрақ оның сөзiне қарағанда, бұл соған тұрарлық iс болды.