Роналдо ойыншы ретіндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін

Роналдо өзі иелерінің бірі болып табылатын америкалық "Форт-Лодердейл Страйкерс" клубының құрамында шеберлігін көрсетеді деп күтілуде.

"Құраманы құрастыруда және клубтың дамуына септесетін шараларға белсенді қатысамын. АҚШ-та футбол жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын нық сеніммен айта аламын ", - деді бұрынғы форвард.

Роналдо - бразилиялық футболда аты аңызға айналған футболшы.  Екі дүркін әлем чемпионы,  ФИФА нұсқасы бойынша үш дүркін әлемнің үздік футболшысы атанған.