Роналдо үлкен спорттан кетеді

Әлемнің екі дүркін чемпионы, бразилиялық "Коринтианс" клубының 34 жастағы ойыншысы Роналдо мұндай шешімге келуінің негізгі себебі үздіксіз алған жарақаттарымен байланысты деп түсіндірді. Бұл туралы Би-Би-СИ агенттігі хабарлайды.

«Мен бұдан әрі шыдай алмаймын. Ойнағым-ақ келеді, алайда болар емес», - деген атақты спортшы бразиялық журналистерге берген сұхбатында.