Роналду «Аль-Насрмен» келіссөз жүргізу үшін Сауд Арабиясына барды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы деп Prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің хабарлауынша, 37 жастағы ойыншы «Аль-Наср» футбол клубы орналасқан Эр-Рияд қаласының әуежайына барған. Ол жақын арада клуб басшылығымен кездесіп, келісімшартқа отыруы мүмкін.

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду желтоқсанда «Манчестер Юнайтед» клубымен келісімшартты бұзып, еркін агент атанды.