Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубының жетекшісі Криштиану Роналду 24 сағат ішінде 19 729 827 адаммен YouTube – те жазылушылар саны бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты.

21 тамызда атақты футболшы өзінің YouTube арнасының іске қосылғанын жариялады. Бұл жаңалық шыққаннан кейін бір жарым сағат ішінде арнаға миллион адам тіркелген.

Бүгінде Роналдуның каналында 50 миллионнан астам жазылушы бар.

Ал форвардтың өзі 29 тамызда УЕФА Чемпиондар лигасы тарихындағы үздік бомбардир ретінде УЕФА президенті Александр Чефериннің арнайы сыйлығымен марапатталады.