Роналду «Реалдан» кетпекші

Бұл туралы футболшының өзі әріптестеріне айтқан, деп хабарлайды 24.kz.

 AS агенттігінің хабарлауынша, португал футболшысы клубтың басшылығына риза емес. «Реалдың» президенті Флорентино Перес көктемде келісімшартының қаржылық жағдайын жақсартатынына уәде берген. Алайда ол сөзінде тұрмаған көрінеді.

Өзінің алданып қалғанын түсінген Роналду жаңа команда іздестірмек. Бірінші кезекте англиялық «Манчестер Юнайтед» тұр.