Роналдудың жұбайы көпшілік алдына шапан киіп шықты


Қолданушылар байқағанындай, Джорджина алдымен бұл шапанның Қазақстаннан жасалғанын айтты, бірақ кейін шапан Өзбекстанда жасалды деп ауыстырып қойды.

«Өзбекстаннан сүйіспеншілікпен жасалған қолөнер» - деп жазылған Instagram-да сурет анықтамасында.

Джорджина Родригес - испан бишісі, модель, Криштиану Роналдудың әйелі. Әйгілі футболшының жары жанкүйерлерін әртүрлі суреттерімен таңғалдырып келеді. Мысалы, ол бұған дейін «жылан» көйлек киіп жанкүйерлерін қуантты. Сонымен қатар ашық бикини киіп, бөксесін көрсетті.