Құжатқа МАГАТЭ ұйымының 58-ші бас конференциясы барысында «Росатом» басшысы Сергей Кириенко мен «Қазатомөндіріс» басшысы Нұрлан Қаппаров қол қойды.
Келісім бойынша Қазақстанда ақпараттық орталық ашу, сондай-ақ, бірлескен бағдарламаларды ынталандыратын оқу-әдістемелік материалдар дайындау көзделген.
Жыл соңына дейін осындай орталық Минск қаласында да ашылмақ.