"Росатом" және "Қазатомөнеркәсіп" Қазақстанда АЭС салу ниеті туралы меморандумға қол қойды

Оның ішінде Қазақстан аумағында АЭС салуда ынтымақтасу жөніндегі өз ара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған. Құжатта көзделгендей, тараптар қуаттылығы 300 -1200 МВт АЭС салмақ.

Сонымен қатар "Харасан-1", "Ақдала", "Южный Никай" кен орындарында жер қойнауын пайдалану мәселелерін реттеу шараларын жүзеге асырудың "жол картасына" қол қойылған. Құжатта мерзімдер мен тараптардың жауапкершілігі көзделген- жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттардың толықтыруларына 2014 жылдың 28-қазанына дейін қол қойылуға тиіс.

"Росатом" және"Қазатомөнеркәсіп" атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың кешенді бағдарламасына қол қойды.


Құжаттарға қол қою рәсімі Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында өтті, оған РФ және Қазақстан президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.