Роскосмос 2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Байқоңырдан жасалатын ұшырылымдардың жоспарын бекітті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыштық мақсаттағы зымырандардың құрамды бөліктері мен ғарыштық аппараттарды ұшырылымға дайындау жоспарына сәйкес, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен РФ Федералдық ғарыш орталығының коммерциялық жобалары аясында, Федералдық мақсатты "ГЛОНАСС" бағдарламасы аясында қарашада ғарыштық мақсаттағы зымырандардың 2 ұшырылымын жүзеге асырып, тағы да 5 ғарыштық аппараттың, атап айтсақ, Ciel-2 ("Сиель-2"), Telstar-11N ("Телстар-11Н") және үш дана "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындалуға кірісу жоспарлануда. Олар желтоқсан айында ұшырылады.