Роспотребнадзор міндетті вакцинациялау бойынша тексерісті бастайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда, көлік, медицина, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кем дегенде 60%-ына COVID-19-ға қарсы вакцина егу тапсырылды. Талап мемлекеттік, азаматтық және муниципалдық сала қызметкерлеріне, билік органдарына да қатысты. Тексеруді ақпараттық технологиялар көмегімен жүргізеді.

Айта кетелік, көрші елде 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін вакцинаның I компоненті немесе бір компонентті вакцина барша жұмысшыларға салынуы тиіс еді, ал 2021 жылдың 15 тамызына дейін екпенің II компонентін алу қажет.


Бұл талапты орындамаған ұйымдарға қызмет түріне байланысты 30-50 мыңнан 300 мыңға дейін, тіпті 1 миллион рубль көлемінде айыппұл салынады.