Роспотребнадзор Қазақстанға Roshen өнімдерін сатуға тыйым салу туралы ресми хат жолдады

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Роспотребнадзор мекемесінен Roshen компаниясының кондитерлік өнімдерін республика аумағына әкелуге тыйым салу туралы ресми хат келіп түсті.


           «Роспотребнадзор мекемесінен Roshen өнімдерін Ресей аумағына әкелуге тыйым салынғаны туралы хат келіп түсті және олар Қазақстанда да осындай шара қолдануды сұрап отыр», - деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті сарапшысы Марал Рахымжанова мәлім етті.
           Оның айтуынша, 29-шілдеде жазылған хат министрлікке 7-тамызда келіп түскен.
           «Әзірше біз зерттеп, тексеріп көреміз және тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірмейміз. Содан соң ресейліктерден қосымша құжаттарды сұрап, соларды тексереміз», - деді М.Рахымжанова.