18,4 тонна ірімшікті Ресей аймағына өткізбей қойды. Бұл тауар Қазақстанда тіркелген компания атына жіберілген.
Жүк Россельхознадзордың Қазақстан мен үшінші елдерге тауарлар транзиті рұқсат етілген өткізу бекеттері тізіміне кірмейтін Бурачки өткізу бекеті арқылы өткізілмек болған, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.