"Ростсельмаш" және "Қазагрофинанс" компаниялары комбайн құрастыратын зауыт құрылысын 2016 жылдың мамырына қарай аяқтамақ

Ресейлік "Ростсельмаш" компаниясы мен "Қазагрофинанс" АҚ Ақмола облысына салынатын комбайн құрастыру зауытының құрылысын 2016 жылдың мамырына қарай аяқтауды көздеп отыр. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі міндетін атқарушы Нұрлан Сауранбаев мәлім етті.


           Оның айтуынша, бастапқыда жалпы құны 4,3 млрд теңгелік жобаны "Қазагрофинанс" АҚ қаржыландырады деп жоспарланған болатын.
           "Компания жобаға 2,2 млрд теңге қаржы бөлу туралы шешім қабылдады. Ақшаның қалған бөлігін Ресей жағы төлейді", - деді Н.Сауранбаев.
           Жылына 300 комбайн құрастыруға қауқары жететін зауыт шыққан шығынды 5 жылда ақтауы тиіс.
           Өнім бастапқыда Қазақстан рыногына шығарылады. Келешекте оны Ресей аймақтарына сату көзделген.