Роза Отунбаева Астанаға келді

Әуежайда оны премьер-министр Кәрім Мәсімов пен денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова бастаған ресми делегация қарсы алды.

Бүгін сондай-ақ, Ресей, Өзбекстан және Пәкістан президенттері келеді.

15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді.

Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген.

Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.