Таяуда әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамбілінің жетекшісін тығырықа тіреген жайсыз жағдайды, Роза Рымбаева да бастан өткерген. Түсініспеушіліктің туындауына не түрткі болды?
Бір айналдырса, шыр айналдырады! Мұрат Құсайыновтың хикаясынан кейін, құдды бір Халық әртістері мен әуежай қызметкерлері арасында ашық айқас басталғандай...
Роза Рымбаева, ҚР Халық әртісі:
- Елдің көзінше халық әртісін шешіндіріп, аяқты носкиге дейін тексерген біраз ыңғайсыз енді шынымды айтсам. Мені талай солай тексерді. Екі күннің бірінде ұшақпен ұшамын. Бірақ сонда да аяғыңызды шешіңіз, кастюмді, очкиіңізді шешіңіз. сосын мен: «Қыздар, мен очкиімнің ішіне бомба тығып қойған жоқпын ғой», деп айтсам да болмайды.
Бірақ таяқтың екі ұшы бар! Ұшақтағы қатаң тексеріске сабырмен қарайтын әртістердің бары қуантты бізді. Заңның ортақ екенінін жақсы білетін жолаушы жұлдыздардың кейбірі, қызметкерлердің тиісті талабын орындауға тас-түйін дайын тұрады екен.
Айгүл Иманбаева, әнші, актриса:
- Заң солай қойылды ма, ол заңға бәрі бағынуға тиіс деп есептеймін. Үнсіз мен аяқ киімімді шешемін, белдігімді шешемін. Телефонымды қоямын, сағатымды қоямын. Үнсіз өтемін. Шиқылдаса, сіз қайта өтіңіз десе, қайтадан өтемін. Жаңағы «мен едім» деген нәрсе, жалпы табиғатымда жоқ! Заң ба, заң!
Кейбір танымалдар ережеге бағынғанымен, әуе компаниясының тарапынан кеткен ағаттықтарды жиі байқайды екен. Қарапайым халық осы уақытқа дейін отандық шоу-бизнес өкілдеріне «жұлдыз» атты мәртебелі айдарды тақса, бүгінде аталмыш атаққа ұшақ қызметкерлері де таласып жүрсе керек.
Бағлан Әбдірайымов, «Жігіттер» тобының әншісі:
- Ұшақта қызмет жасайтындар олар өздерін жұлдыз санап қалады. Өйткені бір керемет қызметте жасап жатырмын деп ойлап қалады да. Жиі куә боламын. Кейде бір тіліңді тістеп қаласың. Үндемей қала бересің. Оның бәрін әрқайсының қайсысын тізбектеп айта бересің. Оны ақырындап жөнге келтіру керек. Ұзақ уақыт келетін дүниелер шығар.
Түйткілді мәселе көп, шешілер сәттің мерзімі белгісіз. Ең бастысы атақтан бұрын арды ойлап, заңның баршаға ортақ екенін естен шығармағанымыз абзал.