Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасының дастархан басында бас қосқан сәтінен бейнежазба жариялады.
“Сәрсенбінің сәтінде отбасыммен немеремнің 3 айға толғанын атап өттік”, – деп жазды әнші.
Жас әке Әли Оқапов жақындарының бас қосуына ұлы Зейін себеп болғанын айтып, жазба қалдырды.
“Бүгін Зейін Әлиұлы 3 айға толды. Әжесін, әпкелерін, ағасы мен ата-анасын бірге тойлауға шақырды. “Отказ не принимается” деді”, – делінген жазбада.
Бақытты отбасының желідегі байнежазбасы жұртты сүйсінтті.
“Мәуелі ағаштай өсіп өніуіне тілектеспін”, “Қандай керемет”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Отбасыңыз бақытты болсын”, “Көз алмай қарай бергің келеді”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.