"Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру барысында апат шыққан жағдайдағы ықпалдастық тәртіптері туралы Ресей және Қазақстан үкіметтері арасындағы 1995-жылғы келісімнің 5-бабы күшіне енді. Онда апатқа ұшыраған апараттар түріне жататын зымырандарды ұшыруды оқиға себептері анықталғанға дейін тоқтата тұру қарастырылған",- деді А.Әбдімомынов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, РС-20- конверсиялық зымыранға жатады. "Роскосмостың" ақпаратына сәйкес "пайдаланудан шығарыла бастаған құрлықаралық РС-20 баллистикалық зымырандарын ұшырудағы басты мақсат - оларды пайдалы жаратуға саяды. Сонымен бірге қосымша жүктерді де кеңістікке шығаруға мүмкіндігі бар".