Рудный қаласында қазандықта болған апаттан екі әйел қаза тапты

Екі кісі өнеркәсіптік аймақта орналасқан "ССГПО" АҚ Рудный электр станциясының (ТЭЦ) қазандығында болған апаттың құрбаны болды, деп хабарлайды Қостанай облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі. 



Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай сейсенбі, 6 желтоқсан күні сағат 15.30-да орын алған. Қазандықтың үшінші қабатында редукциялық салқындату қондырғысының төменгі бөлігі жарылды. Өкінішке орай, 1972 және 1971 жылы туылған екі еден сыпырушы қаза тапты. ТЭЦ жұмысшылары мен Қарағанды құбыр-механикалық зауытының жалдаушыларын ғимараттан қауіпсіз жерге көшірді. Апат ТЭЦ-тың жұмысына әсерін тигізген жоқ. Нысан штаттық тәртіпте жұмысын жалғастыруда.