Рудный тұрғыны принтер арқылы жалған теңге басып шығарған

Ол ақшаны үйде түсті принтер арқылы жасаған, номиналы 2 мың теңгелік 2006 жыл үлгісіндегі купюраларды шығарып келген, делінген бейсенбіде облыстық прокуратурадан таралған ақпаратта.

Тінту барысында принтерден бөлек түрлі-түсті картридждер, ақша купюралары бейнеленген қағаз үлгілері, қағаз кесуге арналған кеңсе заттары табылған.