Рудныйда кәсіпкерді ұрлап әкеткен

51-жастағы ер адамнан 3-желтоқсаннан бері хабар жоқ, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

"Сол күні ол көлігімен шыққан да қайтпаған, телефонға жауап бермеген", деді полициядан.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, адам ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу үшін арнайы тергеу тобы құрылған, істі бақылауға тек ІІД ғана емес, Қазақстанның ІІМ де алып отыр.