Рудныйда мас бұзақыны ақсақал таяқпен ұрып жүріп тәубесіне түсірді

Осылайша, ақсақал көшедегі жұрттың мазасын қашырған бұзақының жазасын берді. Жартылай шешінген ер адам көшенің дәл ортасында тұрып жүргізушілерге жұдырығын көрсетіп жүрген. Онымен қоймай, көліктердің де алдын бөгеп, кес-кестеген. Бетімен кеткен мас тұрғынды тәртіпке келтірудің орнына куәгерлер болған жайтты жаппай қызықтап, ұялы телефонына түсіріп тұрды. Тек қария бұзақыны таяқпен тәубесіне келтіре алды.   

Loading...