Форумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасайды деп күтілуде. Сонымен бірге, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Халықаралық еңбек ұйымының Женевадағы бас пәтерінің өкілі Джеймс Уинделл, Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының акционері Александр Машкевичтер сөз сөйлейді деп күтілуде.
Жалпы алғанда форум аясында кәсіби мамандармен қамтамасыз ету саласындағы мемлекет пен жеке меншік сектордың серіктестігін дамыту перспективалары, республикада техникалық білім беруді одан әрі дамыту жайы талқыланады.
Форумға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен республикалық қоғамдық бірлестіктердің, ірі бизнестің, оқу орындарының өкілдері қатысады.