Рудныйда сот әйел мен баланы қапқан иттің иесінен жарты миллион теңге өндірді


Сот итті далада алып жүру ережелерін бұзғандығы үшін жауап берушіден зардап шеккендердің пайдасына 500 мың теңге өндіріп берді, деп хабарланған дүйсенбіде облыстық соттан таралған ақпаратта.
Істің материалдарына қарағанда, питбультерьер 2008 жылы туған қызды қапқан. Қыз бала және оны қорғамақ болған әйел зардап шеккен.
Баланың анасының пайдасына сот 350 мың теңге, әйелдің пайдасына- 150 мың теңге өндіріп берді.