Рудныйда топырақ астында қалған жұмысшылар қаза тапты

4 адамнан құралған бригада құбыр желілерін іске қосу үшін жер қазған екен. Төменге алдымен 31 жастағы Сергей Ковалев түсіпті. Кенет үйілген топырақ үстіне сырғып кеткен. Осы сәтте үш әріптесі оны құтқармаққа ұмтылыпты. Алайда ауыр салмақ барлығын да басып қалған. Құтқару қызметі жеткенше жұмысшылардың екеуі тұншығып өлді. Аман қалған екі адам қазір ауруханада. Төтенше жайттің анық-қанығы еңбек инспекциясы тексеріп жатыр. Марқұмдардың бірі жуырда ғана «Рудный су құбыры» мекемесіне дәнекерлеуші болып кірген екен.


Әлібек Нұржанов, Рудный су құбыры мекемесінің жұмысшысы:

-Валераның жұмысқа орналасқанына 2 ай болған еді. Жақсы дәнекерлеуші болатын. Адами тұрғыдан да жақсы кісі еді.