Таяуда осы іске қатысы бар барлық адамдар, олардың қатарында облыстық департаменттің де қызметкерлері де жауапқа тартылатын болады,-деді М. Оразалиев.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 11-қарашада Рудный қаласындағы уақытша тергеу абақтысынан төрт тұтқын қашып шыққан.
Қарақшылық әрекеті үшін тұтқындалған 19 жастағы Александр Хрищук бір тәуліктен кейін әжесі тұратын тұрғын үйдің подъезінде қолға түскен. Ал тонаушылық әрекетімен аты шыққан 20 жастағы Александр Кандаков досының үйінен ұсталады.
Қалған екі қашқын - 1979 жылы туған Александр Сунгуров пен 1969 жылы туған Юрий Черновольский - тағы бір күннен кейін Рудныйдағы жалға алған пәтерлерден ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті