Рудныйлық «Горняк» шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогын жеңіп алды

Турнирдің бас жүлдесін ақтық кездесуде Қарағандының «Сарыарақ» клубын 3:0 есебімен жеңген рудныйлық «Горняк» қанжығалады. Сөйтіп, «Горняк» Қазақстан Кубогының тарихында осы жүлдені тұңғыш рет жеңіп алды. Бұған дейін Кубокты 4 рет өскемендік «Қазмырыш-Торпедо», үш рет - «Қазақмыс» (Сәтбаев) иеленген болатын.

Үшінші орынға атыраулық «Бейбарысты» 5:2 есебімен жеңген Өскеменнің «Қазмырыш-Торпедосы» табан тіреді.

Осылайша, төртінші орынды - «Бейбарыс», бесінші орынды - «Ертіс-Павлодар», алтыншы орынды - «Қазақмыс», жетінші орынды - көкшетаулық «Арлан», сегізінші орынды - «Барыс-2» қанағат тұтты.

«Сарыарқа» клубының ойыншысы Андрей Трощинский Қазақстан Кубогының үздік шабуылдаушысы атанды.